Сапарбаев заңсыз мұнай мен газ айналымы үшін жазаны күшейтуді ұсынды

13:49, 20 қазан 2017

Ақтөбе. 20 қазан. 7kun.kz — Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Мұнай мен газдың көлеңкелі айналымы мәселелері» форумында заңсыз мұнай мен газ айналымы үшін жазаны күшейтуді ұсынды. Бұл туралы облыстың баспасөз қызметі хабарлады.

Бердібек Сапарбаев мұнай мен газдың көлеңкелі айналымы жекелеген ұйымдасқан қылмыстық топтарды қаржыландыру көзі екенін айтады.

«Мұнай мен газдың көлеңкелі айналымының ақыры не болатыны баршаға аян. Ол – бюджет кірісін жоғалту, ақша қаражатының елден кетуі, халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, инвестициялық жағдайдың нашарлауы. Осының бәрі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуына қауіп төндіреді,- дейді облыс әкімі.

Ақтөбе облысының ІІД дерегінше, мұнай ұрлығы мен оны заңсыз сатуға қатысты 17 қылмыстық іc тексеріліп жатыр. Мәселен, 2014-2016 жылдары «СНПС» АҚ-ның «Кеңқияқ» кен орнында ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдерімен 8 мың тонна мұнай ұрланған. Бұл іске қатысы бар тұлғалар жазаланған.

2017 жылы облыста 5,9 млн тонна мұнай, 6,5 млрд текше метр газ өндіру жоспарланып отыр. Президенттің тапсырмасына сәйкес, бес жылда кәсіпорындар мұнай-газ саласын жаңғыртуға кем дегенде 60 млрд теңге салатын болады.

 

 

 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!