«Самұрық-Қазына» сатып алудың жаңа үлгісін енгізді

21:28, 13 сәуір 2017

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы сатып алулардың жаңа жүйесін енгізді. Ол бойынша  компания тек іріктеуден өткен қызмет көрсетуші кәсіпкерлердің тауарлары мен қызметтерін сатып алады.

Айта кетейік, бүгінде бұл тізімде 600 субъект бар. Олардың тең жартысы – шағын және орта бизнес өкілдері.

«Самұрық-Қазына» қоры өзінің жеке сатып алу жүйесі бойынша жұмыс істейді, себебі көп салалы компания үшін жедел шешім қабылдау аса маңызды. Ендігі кезекте қор сатып алу жүйесін жетілдіруге кіріскен. 

Юлия Архипова, «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алулар әдістемесі қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы:

-Біздің компаниялар ең алдымен өндірістік, коммерциялық кәсіпорындар. Соған байланысты сатып алулардың жедел жүруі олардың өндірістік қызметіне тікелей әсер етеді әрі инвестициялық тартымдылығына да ықпалы болады.

«Самұрық-Қазына» қызмет көрсетуші компанияларды тендердің көліміне қарай үш түрлі іріктеуден өткізеді. Мәселен, біріншісі 113 млн 500 мың теңгеге дейінгі сатып алулар. Оның шарты да кәсіпкерлер үшін тиімді. Бұл деңгей бойынша бүгінде сатып алулардың 95 пайызы жүргізіледі. Қалған екі деңгейі ірі тендер үшін.

Қайнар Тайжанов, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директорының орынбасары: 

-Біз аудиттің шеңберінде өздерінің жұмыстарын жақсарту бойынша кеңес береміз. Біз берген кеңестерді қабыл алатын болса, олардың бизнестерінің тағы да шыңдалуына мүмкіндік алады.

3 сәуірден бастап 64 санат бойынша тендерлерге тек іріктеуден өткен 600 компания қатыса алады. Ал жыл соңына дейін тауар мен қызметтердің барлық түрлері тек іріктеуден өткен компаниялардан сатылып алынады.

Авторлары: Достық Талғатұлы, Қанат Әбілдин

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!