«Самұрық-Қазына» өкілдері 2017 жылдағы мұнай бағасына шолу жасады

20:32, 13 қаңтар 2017

Қор сарапшыларының пікірінше, қара алтын құны бірден аспандап кетпейді. Зерттеулер департаментінің қызметкерлері баррелінің бағасы 50-52 доллар көлемінде сақталады деп болжап отыр. Дәл қазір бізбен «Самұрық-Қазына» қорының зерттеулер департаменті директоры, мұнай бағасы жөніндегі шолу авторларының бірі Вайна Леонг тікелей байланысқа шығады.

Жүргізуші

-Мұнайдың бағасына болжам ненің негізінде жасалады?   

Вайна Леонг, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ зерттеулер жөніндегі департаментінің директоры 

-Қазіргі кезде біз 2017 жылда мұнай баррелінің бағасы орта есеппен 50-52 АҚШ доллары болады деп болжам отырмыз. Біздің болжам  валюта және тауар нарығындағы мұнайға деген сұраныс пен ұсыныс негізіндегі сараптамаға негізделіп жасалған. Біз консервативтік болжам жасадық, себебі нарықта мұнайға деген сұраныстан гөрі ұсыныс әлдеқайда көп. Қара алтын құнының қарқыны ОПЕК-тің әрекетіне тәуелді. Егер мұнай бағасының өсуі жалғаса беретін болса, қатпарлы қара алтын өндірушілердің арасында бәсекелестік күшейе түседі. Сондықтан да консервативтік болжам жасаймыз. Ол нарықтағы жағдайға байланысты әлі талай өзгертіледі. 

Жүргізуші

-Ал 2017 жылы мұнайға сұраныс өсуін қалай түсіндіруге болады? 

Вайна Леонг, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ зерттеулер жөніндегі департаментінің директоры

-2017 жылы мұнайға деген сұраныс 1,2 пайызды құрайды, яғни тәулігіне 1,15 млн баррель қара алтын өндірілмек. Қытай, Үндістан секілді дамушы елдердің мұнайға деген сұранысы жоғары болады. Тұрақты экономикалық өсім болады. Нәтижесінде адамдар көптеп автокөлік сатып ала бастайды. Ал бұл өз кезегінде бензин, басқа да мұнай өнімдеріне деген сұранысты арттыратыны сөзсіз.  

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!