Samsung Apple-ға 539 млн доллар төлейді

12:58, 25 мамыр 2018

Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz – Калифорния соты патент құқығын бұзды деген айыппен оңтүстіккореялық Samsung компаниясын Apple-ға 539 млн доллар төлеуі керек деп шешім шығарды.

Samsung компаниясы өндіріс үлгісін пайдаланғаны үшін 533,3 млн доллар және өнім патентін бұзғаны үшін 5,3 млн доллар төлейді. Ал Apple компаниясы бұл сомаға қанағаттанбай, 1 млрд доллар өндіріп алуды жоспарлап отыр. Олардың айтуынша, Samsung өндіріс үлгісін пайдалану арқылы 1 млрд доллардан астам табыс тапқан.

Samnsung сот атаған соманың 28 млн долларын ғана төлейтінін айтты. Кореялық компания кінәсін мойындағанымен, Apple-ден өте аз көлемде көшірілгенін айтып отыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!