Сайлау кезінде жұмыс істейтін тәуелсіз бақылаушыларға талап қатаң

Кезектен тыс өткелі отырған Президент сайлауында 1000-ға жуық тәуелсіз бақылаушы саяси науқанның ашық та әділ өтуіне ат салыспақшы. «HAQ» қоғамдық қорының атқарушы директоры Тоғжан Қожалы бүгін Астана қаласында белсенді, ерікті жастармен және қоғам белсенділерімен кездесіп, БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Аталған қор 20-қараша күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауына тәуелсіз бақылау жүргізетін бірден бір ұйым. Қор белсенділері мұндай жауапты жүкті биыл төртінші рет арқалап тұр. Тоғжан Қожалының айтуынша, мың шақты азамат еліміздің 11 аймағында сайлау учаскесінде саяси доданы бақылайды. Алайда оларға қойылған талап бар. Бақылаушылар ешқандай партияға мүше болмау керек, ешқандай саяси топтың мүддесін көздемеу керек, тек сайлаудың заң аясында әділ өтуін бақылауы қажет.
«Тәуелсіз бақылау — демократиялық қоғам құру үшін керек. Сайлауға тәуелсіз байқаушылар көптеп қатысса, саяси науқан әділ өтеді. Ол үшін әр сайлау учаскесінде 2 байқаушы болу керек. Ел бойынша 12 мыңнан астам сайлау учаскесі бар, сондықтан 20 мыңнан астам байқаушыны жұмылдыруымыз керек, — дейді Тоғжан Қожалы.
Халық сайлаудың әділ өткеніне күмәнданбас үшін «HAQ» қоры байқаушыларды (бақылаушыларды) өзі оқытады. Әр жерде солардан топтар мен штабтар құрып, сайлаудың соңына қарай халыққа, шетел елшіліктеріне, ОБСЕ-ге сайлау қалай өткені туралы есеп бермекші.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:51, 26 қаңтар 2023
Алматыда әйел ұлын бірнеше рет пышақтап, артынша өзіне қол жұмсаған
-
18:27, 20 қаңтар 2023
Ерлан Қарин алдағы сайлаудың 10 ерекшелігін айтты
-
11:08, 19 қаңтар 2023
Қазақстандықтар дүкендер мен базарларда 16 трлн теңгеге жуық ақша жұмсаған
-
13:18, 13 қаңтар 2023
Илья Ильин үйленді
-
18:45, 6 қаңтар 2023
Қайрат Келімбетов қызметтен босатылды