Ресейлік e-commerce нарығындағы ең ірі ойыншының бірі Ozon Қазақстан нарығына кіреді

19:57, 27 қыркүйек 2021

Бүгін Мөлдір Рысалиева әлеуметтік желіде Ozon Kazakhstan компаниясының бас директоры болып тағайындалғаны туралы хабарлады.

«Жақын арада қызметкерлерді жинаймын. Сондықтан командаға қосылу қызық болса, жазыңыздар, міндетті түрде қарастырамыз. Бос орындар туралы алдағы уақытта толығырақ жазамын», деп жазды ол.

Айта кетейік, Мөлдір Рысалиева бұған дейін Lamoda.kz-тің бас директоры болған еді.

Ресейлік ірі маркетплейс Ozon.ru ТМД елдерінде өкілдігі мен филиалын ашатыны туралы 2007 жылы-ақ хабарлаған. 2011 жылы Қазақстанда тіркелу үшін құқықтық жағынан құжаттарды реттей бастағаны туралы ақпарат таратқанымен еш қозғалыс болмаған еді.  Тек 2012 жылы Қазақстанға тауар жеткізіп, Ресейден тыс жерде алғашқы тапсырысты беру пунктін ашты.

Биыл компания басшысы Александр Шульгин биыл Қазақстан мен Беларусьте өкілдігін ашатыны туралы мәлімдеме жасады. Мамыр айында «Озон Рокет Бел» компаниясын тіркеген. Мөлдір Рысалиева жазған ақпаратқа сүйенсек Қазақстандағы атауы Ozon Kazakhstan деп аталады.

Бұған дейін қазақстандық өндірушілер өнімін Ozon платформасында сата алатыны туралы Facebook  парақшасында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жазған еді. Министр Ozon-ның 16 млндық базасы бар, ай сайын тұрақты түрде 80 млн асатын қолданушысы бар ресейлік e-commerce  нарығының алпауыты екенін де атап өткен. Маркетплейсте киімнен бастап сән бұйымдарына дейінгі 20 санататғцы тауарлар ұсынылған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!