Ресейде Telegram-ның аналогы болатын Telem деген мессенджер іске қосылады

10:02, 19 сәуір 2018

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Қазан қаласындағы Futureinapps компаниясы блоксейн желісінің базасында жаңа месенджер жасап шығады деп жазады ria.ru. 

Бұл месенджер Ресейде жұмысын тоқтатқан Telegram-ның аналогы болады. Telem-дегі барша деректер мен смстер шифрланады. Сонымен қатар, Telegram-дағы секілді түрлі боттар болады. Жаңа месенджер 2019 жылдың сәуір айында шығады деп жоспарланған.

“Біздің компания жасап жатқан месенджердіміздің негізгі ерекшелігі ретінде әңгімеге аудармашының қосылу мүмкіндігі бар болуында. Яғни, мәтін және дыбыстық смсті де аударуға болады”-дейді Futureinapps компаниясының басшысы Айрат Галиуллин.

Месенджердің атауының Telegram-ға ешқандай қатысы жоқ деп есептейді Айрат Галиуллин.

“Telem мен Telegram-ның атауындағы ұқсастық – ол жәй ғана сәйкестік. Telem – біздің патриоттығымыздың айғағы. Себебі, татар тілінде “телем” сөзі “менің тілім” деген мағына береді”- дейді компаниясы басшысы.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!