Qazaq Air әуе флотына төртінші Bombardier Q400 NextGen лайнерін қабылдады

10:56, 12 сәуір 2019

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – Qazaq Air әуекомпаниясы өзінің әуе флотына P4-FLY (MSN 4595) тіркеу нөмірі бар Bombardier Q400 NextGen төртінші аймақтық лайнерін қабылдады, – деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Әуе кемесі сәуір айының соңына қарай тұрақты әуе рейстерін орындай бастайды деп күтілуде. Келесі флотты MSN 4598 лайнерімен толықтыру ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланып отыр.

11 сәуірде Канаданың Торонто қаласында әуе кемесін тапсырыс берушіге тапсырудың салтанатты рәсімі болып өтті. Qazaq Air делегациясымен қатар, іс-шараға Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақылбек Қамалдинов қатысты. Qazaq Air әуекомпаниясы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Адель Дәулетбек Қазақстанның аймақтық әуе тасымалдаушысы 2015 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Bombardier Q400 NextGen» ұшақтарының арқасында Қазақстан Республикасының аймақтарын байланыстыратын тиімді маршруттық желіні құруға мүмкіндік алды деп мәлімдеді.

«Әуекомпанияның әуе флотын екі жаңа лайнермен кеңейту Qazaq Air Қазақстан Республикасының ішіндегі қазіргі маршруттар бойынша жиілігін арттыруға, сондай – ақ көрші елдердің шекаралас аймақтарындағы жақын орналасқан қалаларды қамти отырып, шетелдік бағыттар бойынша тұрақты рейстерді іске қосуға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Адель Дәулетбек.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!