Президент 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына қол қойды

10:22, 5 желтоқсан 2019

Алматы. 05 желтоқсан. 7kun.kz — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2020 — 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды.

Сондай-ақ, ол «2020 – 2022 жылдарға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы» заңды және «республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» құжатты қабылдады.

Бюджетке сәйкес, қазынаның 2020 жылға жоспарланған кірісі 11,2 трлн теңге көлемінде белгіленді. Оның ішінде салықтық түсімдер – 7,9 трлн теңге, салықтық емес түсімдер – 121,3 млрд теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4,5 млрд теңге, ал трансферттер түсімі – 3,1 трлн теңге.

Бұл ретте келесі жылы шығындар 12,4 трлн теңгені құрайды.

Құжатқа енгізілген таза бюджеттік кредиттеу 196,5 млрд теңгені құрайды,оның ішінде бюджеттік кредиттер – 306,1 млрд теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу — 109,7 млрд теңге.

Қаржы активтерімен операциялардың сальдосы 135,898,818 мың теңгені құрайды. Болжалды бюджет тапшылығы шамамен 1,6 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 2,1%-ын құрауы мүмкін. Бұл ретте бюджеттің мұнай емес тапшылығы 5,3 трлн теңгеге жетуі мүмкін немесе ЖІӨ-нің 7,1%-на тең болады. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі шамамен 1,6 трлн теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!