Парижден 65 млн еуроға пәтер алған қазақстандық анықталды

16:55, 18 шілде 2018

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Тәкиев 65 млн еуроға Парижден пәтер сатып алған қазақстандық туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржы министрлігі 65 млн еуроға Парижде аумағы 1200 шаршы метр пәтерді сатып алған қазақстандыққа іздеу салған болатын.

Оның айтуынша, қымбат пәтер иесі мемлекеттік қызметпен айналыспайды.

«Біз Франциядағы әріптестерімізге сауал жолдадық. Жауап келді, бірақ салық төлеуші өзі туралы ақпаратты жариялауға рұқсат бермеді. Сондықтан, ол туралы толық ақпарат бере алмаймыз. Ол өз табысын көрсетті, салықтары төленген және өз ақшасына жылжымайтын мүлік сатып алған. Және тағы бір атап өтерлік жайт, пәтер иесі – ҚР Үкіметінің қызметшісі емес», – дейді комитет өкілі.

Сондай-ақ, пәтердің компания атына тіркелгенін атап өткен жөн.

«Біз компанияның кіріс көздерін тексердік. Пәтер адамның емес, компанияның атына тіркелген. Сәйкесінше, компания кірістері мұндай пәтерді сатып алуға мүмкіндік береді және барлық салықтары төленген», – деді Мәди Тәкиев.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!