Өзге банктен ақша шешкенде алынатын комиссия азаяды

17:30, 22 ақпан 2018

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz — ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өткен онлайн-конференция барысында өзге банктен ақша шешу барысында ұсталатын комиссия туралы айтты.

«Шынымен де, өзге банктен ақша шешкен кезде комиссия ұсталуы ықтимал. Бұл заң бойынша шешілген және эмитент банктің шығындарын жабуға бағытталған. Ұлттық банк бұл комиссияларды азайтуға барынша күш салады. Болашақта банкомат арқылы ақша шешу көрсеткіші азайып, нақты ақшасыз төлем көлемі көбейетін болады. Мобильді төлемдердің кеңеюінің арқасында бұл мәселе өз шешімін табады деген ойдамыз», – деді Ақышев.

Айта кетейік, 12 ақпаннан бері Данияр Ақышевтың атына 300-ден астам сауал жолданған. Келіп түскен сұрақ мазмұндарына көз жүгіртсек, қазақстандықтарды банк секторын дамыту, несие мөлшерлемесі, айырбас пункттері мен криптовалюталар, сондай-ақ басқа да мәселелер толғандырып отырғаны байқалады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!