Осы айдың соңына дейін инвестиция жөніндегі ұлттық компания құрылады

21:00, 16 ақпан 2017

Жалпы қазір ел билігі сырттан инвесторлар тарту ісіне үлкен көңіл бөліп отыр. Елімізде тіпті осы жұмыспен айналысатын арнайы ұлттық компания құрылмақ.

Кazakh Invest деп аталатын мекеме жоспар бойынша осы айдың соңына дейін жасақталады. Оның директорлар кеңесін Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев басқаратын болады. 

Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингте Инвестициялар комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев хабарлады. 

Компания инвестицияны қажет ететін жобалардың тізімін әзірлейді. Үкімет атынан ірі инвесторлармен және трансұлттық компаниялармен келіссөздер жүргізеді. 

Бастысы инвестициялық жобалардың жүзеге асуына «Бір терезе» қағидаты бойынша қолдау көрсетеді.

Сапарбек Тұяқбаев, ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің төрағасы: 

-Негізгі басым бағыт деп алып отырғанымыз – тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы. Бірақ айта кететін жайт, егер басқа бағытта инвестор бізге келетін болса, олардың барлығына толыққанды қызмет көрсетілетін болады. Бірақ біз өзіміз инвестор іздеген кезде негізгі экспортқа бағытталған басым бағыттар деп осыларды бекіттік.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!