Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматының мәйіті табылды

16:06, 21 қаңтар 2020

Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz — Оңтүстік Корея елінде Қазақстан азаматының өлі денесі табылды. Бұл туралы республиканың сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Ведомствоның ақпаратынша, отандасымыздың мәйітін 16 қаңтарда Ансан қалалық полиция қызметкерлері өзінің пәтерінен тапқан.

«Қалалық полициядан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, оны жуынатын бөлмеден тапты. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары және сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Кореядағы Қазақстан Елшілігінің консулдық бөлімі қайтыс болған адамның туыстарына барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетеді», — деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!