«Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

14:41, 19 сәуір 2019

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс мәжілісінде тәуелсіз директор-директорлар кеңесінің мүшесі болып Ульф Вокурка тағайыналды. Бұл туралы «Нұрбанк» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Ульф Вокурка 1962 жылы 31 қазанда Германияда дүниеге келді.

Ол 1990 жылдың қыркүйегінен 2006 жылдың маусымына дейін Германияның Дойче Банкте түрлі лауазымдарда, сондай-ақ 2006-2008 жылдары «Самұрық» мемлекеттік холдингінде Басқарма төрағасының орынбасары ретінде жұмыс істеді.

Соңғы он жыл ішінде «Қазпочта» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «БТА Банкі» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ сияқты ірі қазақстандық компаниялардың директорлар кеңесінде қызмет етті.

Сондай-ақ, Вокурька 2010-2017 жылдары Алматы қаласындағы Дойче Банктің өкілдігін басқарды. 2017-2018 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ және 2018 жылдың қыркүйек айынан 2019 жылдың ақпан айына дейін «Цеснабанк» АҚ Басқарма төрағасы болды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!