Наурыз айында CFO Summit 2019 өтеді

17:09, 22 ақпан 2019

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – 1 наурызда Rixos Almaty-да CFO Idea Exchange & Networking Event 2019 топ-менеджерлері мен басқарушыларының жыл сайынғы саммиті өтеді.

Саммит – Қазақстанның қаржы нарығының өзекті мәселелерін талдау және шешу үшін пікір алмасуға арналған диалог алаңы. Панельдік пікірталаста жыл сайын белгілі саясаткерлер, әлемдік деңгейдегі қоғам қайраткерлері, халықаралық қаржы ұйымдарының және бизнес-элит өкілдері сөз сөйлейді.

CFO саммиті алғаш рет 2014 жылы өткізілген. Қаржы мәселелерін, Қазақстан экономикасы мен қаржы жүйесін дамыту перспективаларын талқылау үшін жетекші платформа құрылды.

Айта кетейік, саммит қаржы нарығының басқарушылары мен топ-менеджерлері үшін ұйымдастырылады. 5 елден 30-дан астам спикерлер келеді. Күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар – қаржы жүйесінің даму перспективалары, соңғы өзгерістер, трендтер мен инновациялар, FinTech, сондай-ақ әлемдік экономиканың маңызды мәселелері.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!