Мұрат Ұрымханов: «Тұрғындармен кездесу – полиция жұмысының ашықтығын көрсетудің бір қадамы»

16:04, 13 қыркүйек 2019

Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz – «Жолда қабылдау» және «Аулада қабылдау» республикалық акциялары барысында Алматы облысының бас полицейі Мұрат Ұрымханов кезекті рет облыс орталығының тұрғындарымен кездесті.

Полиция генерал-майорымен кездесуге келген тұрғындар тәртіп сақшыларының қызметіне қатысты түрлі сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. Оның ішінде жол қауіпсіздігі, аулалардағы қауіпсіздік, полицейлердің қызметі, айыппұлдарды төлеу, көші-қон мәселелері көтерілді. Ауқымды мәселерді генерал жазып алса, кейбір тұрғын қабылдау барысында жазбаша өтініш беру мүмкіндігіне ие болды.

«Тұрғындармен, жүргізушілермен полиция басшылығының кездесуі – ол біздің жұмысымыздың ашықтығын, жариялығын көрсетудің бір тәсілі. Мен кестеге сәйкес үнемі қабылдаулар өткіземін. Кез-келген полиция бөлінісінің алдында фронт-кеңсе қызмет жасайды. Осындай шараларға тұрақты қатысамыз. Яғни, әр адам өзін толғандырған мәселе бойынша ұсынысы мен өтінішін білдіруге жағдай жасалған деуге болады»,- деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы М. Ұрымханов.

Айта кетейік, ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес 13-14 қыркүйек күндері облыс аумағының барлық ірі елдімекендерінде және автожолдарында тәртіп сақшылары қабылдаулар жүргізіп, өз қызметтеріне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!