Мәслихат депутатын әкім тағайындай ма?

20:07, 12 қаңтар 2018

Өзінің айтуынша Алматы облысы, Қарасай ауданы тұрғыны болғандықтан, депутат болуды ұсыныпты. «Бұл менің орным емес, бірақ амалдың жоқтығынан жүрген жайым бар. Мен сайланған кезде неше түрлі сөздер болды. “Ақшасы таусылған ғой. Халықты қанайын деген ғой. Халықты жейін деген ғой” – деген сияқты небір әңгімелер болды. Сол кезде мені тағайындаған Махаббат ағаға да хабарласып: «Аға, мені бекер ұсындыңыз ғой», дедім. Сонда ол, досымсың ғой, досым болсаң шыда деп, қысқа қайырды. Амал жоқ, енді шыдап жүрмін. Өзінің қиындықтары бар. Оңай дүние жоқ. Келе салып мынаны қопарып жіберемін деген, ағысқа қарсы жүзгенмен бірдей», – депті әнші радиоға берген сұхбатында. Әнші айтып отырған Махаббат аға аудан әкімі Махаббат Бигелдиев болса керек. Біз түсінбейтін бір нәрсе аудандық мәслихат депутатын сайлаушы еді, ал Саят Медеуов әкім досым тағайындады деп отыр. Әкім мен әнші заң бұзып отырған жоқ па?

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!