Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы тағайындалды
Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ә.Т.Садықұловты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын», — делінген жарлықта.
Ол еңбек жолын 1992 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметінде бастаған. Әртүрлі уақытта ҚР ҰҚК «Арыстан» қызметін (алғаш рет – 2013 жылы), Президенттің күзет қызметін және ҚР Мемлекеттік күзет қызметін басқарды.
2014 жылдың шілдесінен бастап Садықұлов ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары – «Арыстан» қызметінің бастығы болды. Ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы бар.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл