Мейрамханаларды жалдау құны арзандады

16:49, 22 шілде 2019

Алматы. 22 шілде. 7kun.kz – 2019 жылғы I жартыжылдықта өндірістік жайларды жалға беру бағасы 1,7%, паркингтерді – 0,3% өсті. Мейрамханалар және қоғамдық тамақтандыру пункттері жалға беру бағасы 0,2% төмендеді. Бұл туралы ҚР Статистика комитеті хабарлады.

Ағымдағы жылғы маусымда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағаның ең жоғары өсімі өнеркәсіптік базаларды жалға беруде – 2,3%, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша станцияларды – 2,2%, өндірістік цехтарды – 1,2%, валюта айырбастау пункттерін – 0,9%, дәріханаларды – 0,8% белгіленді.

Дүңгіршектерді жалға беру 1,8%, фитнес клубтары және жаттығу залдарын – 0,8%, банк филиалдарына арналған орын-жайларды – 0,7% арзандады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!