Майкл Калви деген кім?

18:00, 16 ақпан 2019

Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz – Baring Vostok Capital Partners компаниясының негізін салушы және басқарушы серіктесі.

Майкл Калви 1967 жылы 3 қазанда Американың Висконсин штатында дүниеге келген. Охлокома университетін бизнес бакалавры, Лондонның экономика мектебін қаржы магистрі дәрежесінде бітірген.

1994 жылға дейін Лондон мен Нью-Йоркте тұрып Salomon Brothers инвестициялық компаниясы мен Еуропалық қайта құру және даму банкінде жұмыс істеген.

1994 жылы Ресей мен ТМД елдеріне жеке инвестиция салумен айналысатын Baring Vostok Capital Partners компаниясын құрды. Компанияның 25 жылдық тарихында Ресей, Қазақстан, Украинадағы 80 жобаға 2,8 млрд доллар инвестиция салған.

Оның ішінде Яндекс, СТС Медиа, Боржоми, Tinkoff Bank, Озон, Avito сынды ірі компаниялар бар.

Бұл компания басшылары Майкл Калвидің тұтқындалуы өздеріне әсері тимейтінін, оқиғаның ресейлік бір жобаның аясында ғана туындап отырғанын хабарлады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!