МАГАТЭ басшысы қайтыс болды

14:38, 22 шілде 2019

Алматы. 22 шілде. 7kun.kz – Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Амано 72 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады, — деп жазады РИА Новости.

Қайтыс болу себептері туралы әзірге хабарланған жоқ.

Юкия Амано МАГАТЭ-ны 2009 жылы басқарған, бұған дейін ол Жапонияның елшісі және тұрақты өкілі болды.

МАГАТЭ атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін 1957 жылы құрылған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!