Лондоннан Нью-Йорк биржасына кететін компаниялар көбеюі мүмкін — сарапшылар
Лондон. 3 наурыз. 7kun.kz — Компаниялар Лондон қор биржасындағы листингтен бас тартып, Нью-Йорк қор биржасына кетуде, деп жазады Bloomberg агенттігі сарапшыларға сілтеме жасап.
«Егер Лондон жетекші қаржы орталығы дәрежесін қайтара алмаса, компаниялардың Лондоннан Нью-Йоркке кету үрдісі жалғасуы мүмкін», — дейді Freshfields Bruckhaus Deringer LLP серіктесі Оливер Лазенби.
Тек осы аптада екі ірі компания — CRH Plc құрылыс материалдарын өндіруші және Arm Ltd it фирмасы Нью-Йорктегі листингті таңдады.
Сонымен қатар, Flutter Entertainment PLC букмекерлік компаниясы мен биофармацевтикалық Entivior Plc құнды қағаздарын АҚШ-та қайта орналастыруды жоспарлап отыр.
Тіпті FTSE 100 индексіндегі кейбір компаниялар листингті Нью-Йоркке көшіруді қарастыруда, дейді анонимді болғысы келетін дереккөздер.
Британдық қор нарығының капитализациясы қазір 3 трлн долларды құрайды. Bloomberg бағалауы бойынша, АҚШ-та листингі бар компаниялардың жиынтық нарықтық құны 43 трлн долларға жетті.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





