Қытайлық инвестор ШҚО-да жаңа өндірісті қаржыландырады
Алматы. 17 қазан. 7kun.kz — Шығыс Қазақстан облысында ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен өндірісті құруды жоспарлап отыр. Жоба құны 77,2 млрд теңгеге бағаланады.
Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, кәсіпорын Семейде салынады. Өндіріс 2020 жылы іске қосылады деп күтіледі.
«Жобаның құны — 77,2 млрд теңге. Қазіргі уақытта Long Xin қытайлық компаниясы оған 8 млн доллар (3,1 млрд теңге) инвестиция салды», – деді мемлекеттік құрылымда.
Кәсіпорында 20 мың тонна соя және 20 мың тонна күнбағыс өңделеді. Сонымен қатар өсімдік майы мен өсімдік шротын өндіреді. Дайын өнімді Қытай мен Ресейге экспорттауды жоспарлап отыр. Жұмыспен 150 адам қамтамасыз етіледі.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл