Қытай компаниясы Ақтөбе облысында зауыт салады

16:21, 23 шілде 2019

Алматы. 23 шілде. 7kun.kz — Ақтөбе облысында 16 млрд теңгеге газ өңдеу зауыты салынады.

Өңірлік индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, инвестор — Қытайдың Shenguan Technology Co компаниясы.

«Жобаның құны 16 млрд теңгеден асады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 50 мың тонна техникалық көміртекті (газ күйесі) құрайды. Толық қуаттылыққа шығу зауыттың газбен қамтамасыз етілуіне байланысты», — деп түсіндірді ведомствода.

Бірінші кезең 2020 жылдың соңында және 2021 жылдың басында іске қосылады деп күтіледі. Дайын өнімді өткізу нарығы Қазақстан, Қытай және ЕАЭО елдері болады. Басқармада газ күйесін алу пеш тәсілімен, яғни реакциялық пештерде табиғи газды қыздыру және өңдеу жоспарланғанын атап өтті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!