Қытай қаржы нарығын реттейтін жаңа мекеме құрып, бұрынғы банкир басшысы етіп тағайындады
Қытай билігі наурыз айында елдің бүкіл қаржы секторын қадағалайтын жаңа реттеуші орган құрылатыны туралы хабарлаған еді. Орган Қытайдың банк және сақтандыруды реттеу комиссиясын (CBIRC) алмастыруы тиіс.
Енді оның басшысы болып 52 жастағы Ли Юнзенің тағайындалғаны белгілі болды. Бұрынғы банкир аса танымал емес, әрі аймақтық шенеуніктердің бірі.
Financial Times газетінің жазуынша, Қытай Коммунистік партиясы әдетте мемлекеттік мекемелерге партия жетекшілерін тағайындайды. Бұл жолы әдеттегі дәстүрден қалай ауытқығаны түсініксіз. Ли Юнзе 2018 жылдан бастап Сычуань губернаторының орынбасары қызметін атқарып келген.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





