Қоршаған ортаны қорғауға 300 млрд теңге жұмсалды

16:09, 17 шілде 2019

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – 2018 жылы кәсіпорындар мен ұйымдардың қоршаған ортаны қорғауға жұмсаған шығындары 302,2 млрд теңгені құрады, — деп хабарлайды Статистика комитеті.

2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда шығыстар 15,1%-ға өсті.

Бұл ретте, атмосфералық ауа мен климатты қорғауға шығындардың 23,2%-ы, су көздерін сарқынды сулармен ластанудан қорғауға – 19,2%-ы, қалдықтармен жұмыс істеуге – 22,2%-ы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметтің басқа түрлеріне – 25,4%-ы келеді.

Ал, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі капиталға салынған инвестициялар үлесі 36,8%-ды, ағымдағы шығындар үлесі 63,2%-ды құрады.

Қоршаған ортаны қорғауға арналған материалдық шығындар 64,9 млрд теңгені (33,9%) құрады. Бұл ретте осы ақшаның 43,7%-ы атмосфералық ауаны қорғауға, 29,8%-ы – су көздерін сарқынды сулармен ластанудан қорғауға, 22,9%-ы – қалдықтармен жұмыс істеуге, 3,4%-ы – топырақты, жер асты суларын және жер үсті су көздерін қорғауға және қалпына келтіруге кетті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!