Коронавирус салдарынан Қазақстандық әуе компаниялары 235 млрд теңге жоғалтты

23:53, 13 сәуір 2020


Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша қазақстандық әуе компаниялары коронавирус салдарынан 235 млрд теңге жоғалтты. 

«Короновирустың таралуының алдын-алу үшін 97 бағыт бойынша аптасына 438  халықаралық рейс немесе барлық халықаралық рейстердің 99% қысқартылды. Баолық ісшкі рейстер тоқтады», -дейді комитет хабарламасында. 

Әуе компаниялары 22 наурызға дейін Қазақстанның 45 ішкі бағытында аптасына 540 рейс (күніне 77) орындаған. Қазір ел ішінде ұшу толық тоқтады. Болжамдар бойынша наурыз-сәуірде Қазақстанда тасымалданған жолаушылар саны 70%  азайған. 

«Ұшудың қысқаруы мен шектеудің салдарынан отандық әуе компаниялары 235 млрд теңге, әуежайлар– 24,5 млрд теңге, «Казаэронавигация» РМК– 28 млрд теңге жоғалтты. Сондықтан сала пандемия шығындарын азарту мен салоны қалпына келтіру үшін мемлекеттің қолдауына мұқтаж», – дейді ААК.

Халықаралық әуе транспорты қауымдастығы  (IATA) жолаушылар тасымалы саласының 2020 жылғы шығыны 252 млрд АҚШ доллары болады деп отыр. Сарапшылардың пікірінше авиация тарихында мұндай оқиға ешқашан болмаған. 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!