Кореяда бала қағып, қашып кеткен қазақстандық Сеулде тұтқындалды

13:01, 16 қазан 2019

Алматы. 16 қазан. 7kun.kz — Қыркүйек айының ортасында Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында жеті жасар баланы көлігімен қағып кеткен Қазақстан тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. СІМ министрлігінің  хабарлауынша, бұл жағдай қылмыскер өз еркімен Қазақстаннан Кореяға қайта барғаннан кейін орын алған. Ол ел аумағында Кореяның тергеу органдарынан жасырынған.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, ұсталған азамат Қазақстан қаражаты есебінен заң көмегіне жүгіне алады.

«Біз оның барлық құқықтары қорғалып, сақталуын қадағалайтын боламыз. Адвокатты мемлекет есебінен Корей тарапы ұсынады немесе егер ол қаласа, өзінің қаражатына оған жақсы адвокат табамыз», – деді Смадияров.

Айта кетейік, айыпталушы Оңтүстік Кореяда бір жыл бойы заңсыз өмір сүрген. Бір ішінде онымен қазақстандық консул кездеседі.

«Ол онда заңсыз тұрған. Қылмыс болған кезде оның салдарынан қорыққан. Оның жасы небәрі 20-да, сондықтан қашып кетті, бірақ ол жағдайдың барлық маңыздылығын түсініп, оқиға орнына оралды»,– деді Смадияров.

Оның айтуынша, ЖКО салдарынан зардап шегушінің жағдайы жақсарып келеді, өздігінен жүре бастаған.

«Бәрі жақсы, менің ойымша, ол түзеледі», — деді Смадияров.

Бұған дейін хабарланғандай, Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында 20 жасар қазақстандық жеті жастағы баланы қағып кетіп, жол-көлік оқиғасы орнынан ізін суытқан.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!