Кешірген жоқпыз – соққыға жығылған заңгер Дәулет Тұрлыхановпен кездесуі туралы айтты

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Белгілі спортшы Дәулет Тұрлыханов ұлының қолынан жапа шеккен заңгерлер Олег пен Анна Черновтардан кешірім сұрады. Заңгердің өзі кездесу қалай өткенін BaigeNews.kz тілшісімен кездесуінде айтып берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Біз бейтарап жерде кездестік. Ол ұлымен болған жағдай үшін кешірім сұрады. Онымен жанжал туралы сөйлестік. Ол ұлының әрекетін құптамайтынын айтты», – деді Олег Чернов.
Заңгердің айтуынша, мәселені бейбіт жолмен шешу туралы әңгіме болмаған.
«Біз өз кезегімізде ұлын кешірмегенімізді айттық. Ол заң алдында жауап беруі тиіс. Ал іс баршаға сабақ болуы керек. Мұны көрген жастар өз әрекеттеріне сақтықпен қарайтын болады. Дәулет Тұрлыхановтың өзі қалыпты әрекет етті. Іс тергеліп, тиісті шешім шықсын деді», – деді адвокат.
Тұрлыханов ұлына қатысты резонанс тудырған жағдайға байланысты өзін депутаттыққа ұсынудан бас тартқысы келгені де атап өтілді.
«Мен оған мұны істеудің қажеті жоқ екенін, оның спортшылар мен қоғам арасында беделі бар екенін және бұл жағдай кандидатураны алып тастауға еш себеп емес екенін айттым. Сондай — ақ, біз спортпен байланысты мәселелерді талқыладық, өйткені менің жұбайым семсерлесуден спорт шебері», – деп қорытындылады ол.
Еске салайық, бір апта бұрын Алматыда ерлі-зайыпты заңгерлер соққыға жығылғаны хабарланған болатын.
Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
02:07, 20 мамыр 2023
Отандық хирургтар қытайлық әріптестерімен тәжірибе алмасты
-
07:03, 14 мамыр 2023
Сатылықтар «инвесторлар» қараусыз қалдырған жерді халыққа қайтаруды сұрайды
-
02:05, 13 мамыр 2023
Атырауда АИТВ жұқтырғандар азайды
-
05:05, 5 мамыр 2023
Алматы маңындағы жолдарда көлік қарқыны есептелді
-
03:32, 5 мамыр 2023
Қытай қаржы нарығын реттейтін жаңа мекеме құрып, бұрынғы банкир басшысы етіп тағайындады