Кешіккен әуе рейсі үшін жолаушыға енді өтемақы төленеді

17:01, 25 мамыр 2022

Нұр-Сұлтан. 25 мамыр. 7kun.kz — Қазақстандық әуе компаниялар рейстер кешіксе, өтемақы төлеуге міндетті болады, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Жиі кешігетін кейбір әуе компаниялары бар. Бұл оларды тәртіпке салады деп үміттенеміз. Рейстің әр кешіккен сағаты үшін жолаушылар билет құнының 3 пайызын алады. Бірақ билет құнынан көп болмайды» — деді Мәжіліс депутаты Альберт Рау.

Бұл түзету Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірінші оқылымда мақұлдаған көлік мәселелері туралы заң жобасына енгізілген.

Бұған дейін депутат Елнұр Бейсенбаев 2020 жылдың соңына қарай, шамамен, 51 мың рейстің 6 735-і кешіккенін, яғни Қазақстандағы әрбір сегізінші рейс кешіктірілгенін хабарлаған. 2021 жылы 68,7 мың рейстің 12,8 мыңы немесе әрбір бесінші рейс кешіктірілген.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!