Қазкоммен келісімнен кейін Халық банктің рейтингі төмендеуі мүмкін

09:12, 17 ақпан 2017

Халықаралық Fitch Ratings рейтинг агенттігі 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның банк секторының жағдайын бағалады деп жазады LS.

«Біздің есебімізше, Халық банктің Қазкомды иеленуі мүмкін жағдай, бірақ алдын-ала шарт бойынша Қазком стрессті активтерінен құтылуы қажет. Егер сатып алғанға дейін екінші банкті сауықтыру бойынша шаралардың нәтижесі тиімсіз болса, Халық банктің ұзақ мерзімді «ВВ» рейтингі төмендетіледі», — деп мәлімдеді Fitch.

Агенттіктің атап өтуінше, Қазақстан билігінің әрекеттерінен елдің банк секторындағы проблемаларды шешуді деген ниетін байқауға болады.

«Біздің болжамымызша, активтер сапасы әлсіреуі мүмкін. Ел билігі ақпан айында «Проблемалы кредиттері қоры» арқылы проблемалы банктердің стрессті кредиттерін сатып алу үшін 2 трлн теңге бөлмек. Бірақ шара нақты қандай банктер мен қандай активтерге таралатындығы әлі беймәлім. Бұл жағдайда әлсіз банктер үшін қауіп жоғары болады, себебі олардан шығындардың жартысына ие болуды да талап етеді», — деп жазылған агенттіктің сараптамасында.

Fitch есептеуінше, ел билігі банктердің бірігуін секторды сауықтырудың маңызды бөлігі ретінде қарайды. Бірақ бірігуге дейін әлсіз банктерде тазалау немесе акционерлер тарапынан қайта қаржыландыру жүргізілсе ғана, аталған шара өзінің нәтижесін береді.

«Билік шағын, әлсіз банктерді жойып отыруы мүмкін, Ресейде де осындай жағдай болған еді. 2016 жылдың қарашасында Ұлттық банк бірнеше шағын банктерге шектеу салды. Салдарынан Қазинвестбанк қаржылық тұрақтылығын жоғалтып, жойылды», — деп атап өтеді Fitch.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!