Қажылықта жүрген екі мыңға жуық қазақстандық дәрігерлердің көмегіне жүгінген

17:20, 19 тамыз 2019

Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz – Биыл елімізден Меккеге аттанған 3 200 қажының 1 744-і медициналық көмекке жүгінген.

1 150 қажыға тұмау тиген. Бір адам соқырішек болып, ауруханаға түскен.

Мекке қаласында күн өте ыстық. Суық су ішкеннен кей адамдардың тамағы ісіп кеткен. Қасиетті қала таулы өңірде болғандықтан, кейбірінің қан қысымы көтерілген.

Қажыларға 21 дәрігер қызмет көрсетіп жатыр. Қазір жағдайлары қанағаттандырарлық.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!