Қазақстанның жүк тасымалы 4 млрд тоннадан асты

14:42, 7 ақпан 2020

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz —  2019 жылы барлық көлік түрлерімен жүк және багаж тасымалы 4,2 млрд тоннаны құрады — 2018 жылға қарағанда 3,3%-ға артық. Көрсеткіш үшінші жыл қатарынан өсіп келеді. Мұндай деректерді ranking.kz ұсынды.

ҚР өңірлерінің арасында жүк тасымалының ең үлкен көлемі Қарағанды облысына тиесілі: 864 млн тонна — 2018 жылға қарағанда 4,6%-ға көп.

Келесі орында — Шығыс Қазақстан: 662,2 млн тонна, жылдық өсім — 5,4%. Қостанай облысы үздік үштікті түйіндейді: 320,1 млн тонна, жыл ішінде 7,8%-ға өсті.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда тасымалданған тауарлар мен багаждың едәуір көлемі автомобиль көлігімен қамтамасыз етілді: 3,6 млрд тонна (жүк тасымалының барлық көлемінің 83,8%) — 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға артық.

Темір жол көлігімен 408 млн тонна немесе барлық көлемнің 9,6%-ы тасымалданды, жыл ішінде 2,5%-ға өсті.

Көліктің қалған түрлері 279,6 млн тоннаны немесе 6,6% құрайды. Бұл ретте 2018 жылы көрсеткіш 283,7 млн тоннаны құрады,оның 280,8 млн тоннасы құбыр жолдары арқылы тасымалданды.

Бұдан басқа, көлік кәсіпорындарының жүк тасымалынан түсетін табысы бір жыл ішінде 8,2%-ға өсіп, 2,5 трлн теңгеге жетті, бұл көлік табыстарының барлық көлемінің 80,5%-ын құрайды.

Оның ішінде 1,4 трлн теңге — құбыржолдары арқылы тасымалдаудан түскен табыс, бұл жүк тасымалдаудан түскен барлық табыс көлемінің 57,9%-ын құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!