Қазақстанның Ұлттық банкі ескертеді

22:59, 18 қаңтар 2018

Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – Бүгін ҚР Ұлттық банкі криптовалюталармен байланысты тәуекелдер ескерту ақпарат таратты.

“Соңғы уақытта Қазақстанда халықты криптовалюталарға инвестициялауға шақыратын жарнама жасау компаниялары белсенді жұмыс істей бастады, барынша аз шығынмен жоғары табысқа уәде беретін сайттар құрылуда, жеке тұлғалардың қатысуымен Қазақстан криптовалютасын жасау туралы ақпарат пайда болуда, сондай-ақ криптовалюталарды пайдаланудың артықшылығы туралы ақпарат таралуда. Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтар мен заңды тұлғаларға криптовалюталар сатып алу және олармен операциялар жүргізу кезіндегі жоғары тәуекелдер туралы қайта ескерту жасауда және төмендегілерге көңіл бөлуді сұрайды”, делінген хабарламада.

1. Тұлғалардың криптовалюталарды, оның ішінде токендерді/монеталарды (ICO немесе Initial Coin Offering) бастапқы орналастыру арқылы тарату жөніндегі қызметін мемлекет реттемейді және бақыламайды, бұл криптовалюталармен мәмілелерге қатысатын азаматтардың құқықтық тұрғыдан қорғалмауына әкеп соғады.
2. Салынған инвестициялардың сақталуына кепілдік жоқ, себебі криптовалюталар/токендер нақты активтермен қамтамасыз етілмеген, олардың нақты құны жоқ және қандай да бір тұлғалардың ақшаны қайтару жөніндегі міндеттемелері жоқ.
3. Жосықсыз субъектілердің жылдам пайда алу мақсатында криптовалюталарды тарату/токендерді орналастыру және криптовалюталар бағасымен айла-шарғы жасау арқылы ақша тартуы үшін қаржы пирамидаларының белгілері бар алаяқтық схемаларды пайдалану мүмкіндігі.
4. Криптовалюталардың жасырын сипатта болуы және оларды пайдаланудың трансшекаралығы оларды қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатудың және терроризмді қаржыландырудың қылмыстық схемаларында пайдалану үшін мүмкіндік жасайды.
5. Криптовалюталар қаржы құралы (актив), валюталық құндылық және төлем құралы, оның ішінде электрондық ақша ретінде қарастырылмайды және пайдаланылмайды.
Ұлттық Банк осындай схемаларға қатысатын немесе криптовалюталармен операциялар жүргізуді жоспарлайтын тұлғаларға өз әрекеттері үшін тәуекелді және жауапкершілікті өздері көтеретінін тағы да еске салады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!