Қазақстанның сыртқы борышы 167,5 млрд долларды құрады

13:29, 26 сәуір 2018

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 167,5 млрд долларын құрады.

Оның 7,8%-ы немесе 13,0 млрд доллары – бұл мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, 3,9%-ы немесе 6,5 млрд доллары – «Банктер» секторының сыртқы борышы, 26,0%-ы немесе 43,5 млрд доллары – «Басқа секторлардың» тікелей инвестицияларға байланысты емес берешегі, ал қалған 62,4%-ын немесе 104,5 млрд долларын осы сектордың фирмааралық берешегі құрайды.

Елдің сыртқы борышының 2017 жылғы көлемі «Басқа секторлардың» сыртқы міндеттемелерінің мұнайгаз компанияларының еурооблигацияларын орналастыру себепші болған 4,7 млрд долларына өсуі, сондай-ақ өндіруші және құрылыс компанияларының сыртқы қарыздарын тарту есебінен 3,9 млрд долларына ұлғайды.

Үкіметтің сыртқы борышы іс жүзінде өзгерген жоқ. Себебі мемлекеттік сыртқы қарыздарды өтеу тәуелсіз еурооблигациялардың нарықтық құнының өсуімен теңестірілді. «Банктердің» (банктер және «Қазақстанның Даму банкі» АҚ) сыртқы борышы еурооблигациялар мен сыртқы қарыздарды жоспарлы өтеу есебінен 0,7 млрд долларға қысқарды. Ұлттық банктің сыртқы міндеттемелері бейрезиденттер тарапынан қысқа мерзімді ноттарға сұраныс есебінен 170,0 млн долларға ұлғайды.

Сыртқы борыштың өсу қарқынының қысқаруы, ІЖӨ-нің және тауарлар мен қызметтер экспортының өсуі сыртқы борыштың салыстырмалы өлшемдерінің жақсаруына себепші болды: сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы 2017 жылы 105,9%-ды құрады (2016 жылдың соңында – 119,2%), ал сыртқы борыштың тауарлар мен қызметтер экспортына қатынасы 300,5% (2016 жылдың соңында – 375,6%) болды.

Қазақстанның таза сыртқы борышы 2017 жылы 45,7 млрд долларға дейін 7,7 млрд долларға ұлғайып, ІЖӨ-нің 28,9%-ын құрады.

Мемлекеттік сектор және «Банктер» секторы әлемнің қалған елдеріне қатысы бойынша таза кредитор тұрғысында (тиісінше 55,6 және 0,6 млрд доллар), ал «Басқа секторлар» – таза борышкер тұрғысында (101,9 млрд доллар) болады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!