Қазақстанның бидайын қандай елдер импорттайды
Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстаннан бидай мен меслин (бидай мен қара бидай қоспасы) экспорты 1,7 млн тоннаны құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 3,1%-ға көп.
Жеткізілген бидайдың жалпы құны 297,8 млн АҚШ долларын құрады, тауарлар экспорты 18,2%-ға өсті.
Астықтың ең үлкен көлемі Өзбекстанға жеткізілді — 635,9 мың тонна бидай, 96,3 млн долларға. Тәжікстан 46,4 млн долларға 252,5 мың тонна астық, Әзірбайжан 37 млн долларға 195,4 мың тонна, Ауғанстан – 19,5 млн долларға 106,1 мың тонна, Қытай – 16,9 млн долларға 83,4 мың тонна, Түркменстан – 14,2 млн долларға 79,1 мың тонна, ал Италия — 13,9 млн долларға 71,5 мың тонна астық сатып алды.
Өз кезегінде, Түркия 11,9 млн долларға 70,6 мың тонна бидай, ал Ресей 11,4 млн долларға 53,1 мың тонна бидай сатып алды.
Сондай-ақ, Қазақстан үш айда 419,4 мың тонна ұнды 89,2 млн долларға сатты. Жеткізілімдер заттай көріністе 33%-ға төмендеді, ал ақшалай көріністе 25,3%-ға қысқарды.
Бұл тауардың негізгі сатып алушылары Ауғанстан (58,2 млн доллар, 261,9 мың тонна) және Өзбекстан (18,4 млн доллар, 104,6 мың тонна) болды.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





