Қазақстанның агроөнеркәсіп саласына шетелдік банктен инвестиция тартылады

21:42, 17 тамыз 2017

100 млн еуро. Қазақстанның агроөнеркәсіп саласына Еуропалық инвестициялық банк осыншама қаржы құймақ.

Бұл – «ҚазАгро» холдингі жүргізген келіссөздің нәтижесі. Жалпы соңғы 5 жыл ішінде ұлттық холдинг пен оның еншілес кәсіпорындары арқылы шетелден 375 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. Бұл туралы «ҚазАгро» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Гүлназ Атамқұлова хабарлады. Жалпы салада атқарылып жатқан жұмыстар көп. Мәселен келер аптада Астанада «Агро-Инвест 2017» форумы өтеді. Оған Түркия, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Венгрия, Польша, Испания сияқты елдерден 120 компания қатыспақ. Ондағы мақсат – отандық кәсіпорындардың жаңа инвесторлармен жолығып, келіссөздер жасауына жол ашу.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!