Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының инвестициялық кірісі 3,8%-ды құрады

10:34, 18 қыркүйек 2019

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар–шілде айларында зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысы 396,3 млрд теңгені (3,8%) құрады, осы кезеңде инфляция 2,8%-ды құрады. Бұл туралы Finprom.kz хабарлайды.

Жылдық мәнде кірістілік 9,7%-ды, инфляция 5,4%-ды құрады. Осылайша, соңғы 12 айда зейнетақы активтерінің нақты оң қайтарымы алынды — 4%-дан астам. 2014 жылдың басынан бастап 2019 жылдың шілдесіне дейін нақты жинақталған кірістілік шамамен 12%-ға жетті.

Негізгі бөлігін бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі кірістер алады: 385 млрд теңге (бір жыл бұрын — 312,9 млрд теңге), бір жыл ішінде өсім 23%-ды құрады. Сыртқы басқарудан түскен табыс екі еседен астам ұлғайды және 10,2 млрд теңгеге жетті (бір жыл бұрын — 4,9 млрд теңге). 2018 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерін басқарудан алынған инвестициялық кіріс 977,2 млрд теңгені құрады.

2019 жылғы шілде айының соңында Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары 10 трлн теңгеден асты: нақты сома 10,2 трлн теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (8,6 трлн теңге) 18,6%-ға өсті, оның ішінде 857 млрд теңге сомасында инвестициялық кірістер шоты (өсімнің 54%). Осы жылдың жеті айында салымшылардың салымдары 549,1 млрд теңгеге жетті. Соңғы бес жылдағы жинақталған зейнетақы қаражатының орташа жылдық өсімі 20%-ды құрады.

Жинақтардың өсуі жарналардың барлық түрлері бойынша байқалады. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша сома бір жыл ішінде 18,4%-ға, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша — 30,5%-ға, ал ерікті зейнетақы жарналары 5%-ға өсті. Өз кезегінде жеке зейнетақы шоттарының саны 10,5 млн бірлікті құрады, оның ішінде 10,3 млн шотта зейнетақы жинақтары бар. 2019 жылғы қаңтар-шілдеде зейнетақы төлемдері де ұлғайды және 124 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (110,9 млрд теңге) салыстырғанда 11,8%-ға көп.

Соңғы бес жыл ішінде БЖЗҚ-ның жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшері екі есеге артты — 4,3 трлн теңгеден 10,2 трлн теңгеге дейін. Мұндай активтердің едәуір мөлшері тиісті әртараптандыруды қажет ететіні анық. Зейнетақы портфелінің ағымдағы құрылымы қаржы құралдарының әртүрлі түрлерін қамтиды.

Портфельдің негізгі бөлігін 39,3% үлесі бар ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары алады. ҚР ЕДБ депозиттері мен облигацияларының үлесі 14,9%-ды, Қазақстанның квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының үлесі 14% — ды құрайды. Инвестициялық портфельдің негізгі қаржы құралдарына шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары жатады. Олардың үлесі 11,4%-ды құрайды.

Сондай-ақ, бес жылда валюталық активтер көлемінің айтарлықтай өсуі байқалады. Егер 2014 жылдың соңында олардың үлес салмағы 12%-ға тең болса, 2019 жылы — 35%-ға жетті. Бұл ретте валюталық активтер көбінесе АҚШ долларымен номинацияланған (98,8%). Сыртқы басқаруға берілген зейнетақы активтерінің үлесі 0,9%-ды құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!