Қазақстандықтарды жұмыспен қамтуға миллиардтаған теңге бөлінеді

13:02, 12 қыркүйек 2019

Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Үш жылдық мерзімде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 186 млрд теңге жоспарланған, оның ішінде 2020 жылға 8220 млрд теңге. Бұл туралы Мәжілісте 2020-2022 жылдарға арналған ел бюджетінің таныстырылымында Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесінде 2020-2022 жылдарға арналған шығыстар 4,7 трлн теңгені құрайды, оның ішінде 2020 жылы – 1,5 трлн теңге немесе ағымдағы жылдың деңгейіне қарағанда 319,7 млрд теңгеге өскен. Аталған өсім негізінен СМС-ке көшумен және МӘМС шеңберінде медицина қызметкерлерінің еңбекақысының ұлғаюымен байланысты.

Жалпы, 2020-2022 жылдарға арналған медициналық көмек көрсетуге арналған шығыстар көлемі 4,1 трлн теңгені құрайды, оның ішінде 2020 жылы – 1,3 трлн теңге, бұл ағымдағы жылдың деңгейінен 216,6 млрд теңгеге жоғары.

2020 жылдан бастап денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспарлануда. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға 2020-2022 жылдарға 336,5 млрд теңге сомасында қаражат қарастырылған, оның ішінде 2020 жылға – 71,8 млрд теңге ТМККК шеңберінде медициналық қызметкерлердің жалақысын арттыруға – 66,6 млрд теңге, ҚР-да дербестендірілген және превентивті медицинаны енгізуге – 5,1 млрд теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласындағы онкологиялық орталықтың құрылысын жалғастыру үшін бюджет жобасында 56,9 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 2020 жылға – 45,2 млрд теңге.

Білім және ғылым жүйесін дамытуға 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында 2 трлн теңге, оның ішінде 2020 жылға – 570 млрд теңге қарастырылған. 2020 жылы білім беру саласында 230 млрд теңге сомасындағы бюджеттің негізгі шығыстары экономика салалары үшін техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын жүзеге асыруға бюджетте 453,5 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 2020 жылға – 94,6 млрд теңге.

2020 жылдан бастап орта білімді жан басына қаржыландыруды толық көлемде жүзеге асыру жоспарлануда. Үш жылдың ішінде оны жүзеге асыруға 224 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 2020 жылға – 54,5 млрд теңге.

Үш ауысымды оқыту және апатты мектептерді жою мәселесін шешу үшін 2022 жылдың соңына дейін 286,8 млрд теңге сомасында қаражат бөлу көзделген, оның ішінде 2020 жылы – 87,1 млрд теңге жергілікті бюджет базасына берілді.

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті қорғауға және ішкі тұрақтылықты қолдауға, дағдарысты жағдайларда халықты қорғау мен басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге үш жылдық кезеңге 4,3 трлн теңге, оның ішінде 2020 жылға – 1,5 трлн теңге көзделген.

Сонымен қатар, жастарды қолдауға 167,2 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 2020 жылға – 70,4 млрд теңге.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!