Қазақстандықтар интернетке 185 млрд теңге төлеген

11:21, 19 қыркүйек 2019

Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – 2019 жылдың сегіз айында телекоммуникация саласындағы қызметтерді сатудан түскен кірістер 519,9 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға көп, деп хабарлайды FinProm.

Осы кезеңде табыстың ең көп бөлігі интернет қызметіне – 185,2 млрд теңге түсті, бұл телекоммуникация нарығында 35,6%-ды құрайды. Сомасы бір жылда 15,7%-ға өсті. Өсім ел аумағында интернетті пайдаланудың артуымен байланысты.

Интернет желісіне қолжетімділігі бар ұйымдардың үлесі 2017 жылы 67,7%-дан 2018 жылы 75,1%-ға дейін артты. 6-74 жастағы тұрғындар арасында желіні пайдаланушылардың үлесі өткен жылы 81,3%-ды құрады.

Сондай-ақ, 2019 жылдың тамыз айының соңында ұялы байланыс абоненттерінің саны 25,9 миллионды құрағаны белгілі болды, ал 2018 жылдың дәл осы кезеңінде 26,8 миллион болған.

Бірақ, абоненттердің жалпы азаюына қарамастан, телефон арқылы интернетке қатынау мүмкіндігі бар адамдардың саны бір жыл ішінде 8,5%-ға артып, 15,1 миллионды құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!