Қазақстандықтар азық-түлікке 2 трлн теңгеден астам қаржы жұмсады

15:53, 17 қыркүйек 2019

Алматы. 17 қыркүйек. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда айналымы 7 трлн теңгеден асып, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға өсті.

Жалпы сауда көрсеткішіндегі азық-түлік тауарларының үлесі –31,9% (2,2 трлн теңгеге жуық), азық-түлік емес тауарлардың үлесі 68,1%-ды (4,8 трлн теңгеге жуық) құрады.

Тауарларды сату 4%-ға, ал азық-түлік емес тауарларды сату 6,3%-ға өсті.

Сегіз ай ішінде ірі сауда кәсіпорындарының бөлшек саудадағы үлесі 57,1%-ды (4 трлн теңгеден астам), ал жеке кәсіпкерлер мен қалалық базарлардың үлесі 42,9%-ды (3 млрд теңгеден астам) құрады.

2019 жылдың басынан бастап елдегі көтерме сауда 15,2 трлн теңгеден асты (өсім 8,5%).

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!