Қазақстандықтар ақылы жолдармен жүру үшін қанша теңге төледі

16:52, 19 сәуір 2019

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан ақылы жолдардан қанша табыс тапқанын мәлімдеді.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, елімізде жалпы ұзақтығы 682 км болатын төрт ақылы учаске жұмыс істейді.

Осылайша, Нұр-Сұлтан – Щучинск учаскесінде ақы алу жүйесі 2013 жылдан бастап жұмыс істейді, ал қазіргі уақытта алымдар шамамен 7,4 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 471 км болатын Нұрсұлтан – Теміртау, Алматы – Қапшағай және Алматы – Қорғас учаскелері 500 млн теңгеден астам табыс әкелді.

Министрлік сондай-ақ, биылғы жылы жалпы ұзындығы 5,5 мың км автожолдардың 13 учаскесінде, оның ішінде Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық дәлізінің учаскелерінде төлем алу жүйесін құру бойынша жобалаҚ-сметалық құжаттама әзірленетінін айтты.

«Бұл жобаларды мемлекеттік-жеке меншік серіктестік механизмі бойынша жүзеге асыру жоспарлануда. Биылғы жылы жыл соңында жеке әріптеспен шартқа қол қою арқылы конкурстық рәсімдерді өткізу күтілуде. 2020 жылға қарай жобаны іске қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылдың соңына дейін іске қосылады», — деп түсіндірді министрлік.

Сондай-ақ, жаңа ақылы жолдарда қолданыстағы тарифтік кесте қолданылатындығы да айтылды.

«Жүргізушілерді алдын ала төлеуге ынталандыру және пункттердегі кезектерді қысқарту мақсатында жеңіл автомобильдер үшін сараланған тариф қарастырылған. Алдын ала төленген жағдайда, құны төлем алу пункттерінен екі есе төмен болады», — деп түсіндірді ИИДМ.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан–Теміртау учаскесіндегі жеңіл автокөліктерге арналған тариф құны 400 теңге, ал алдын-ала төлем – 200 теңге. Автобустарға, жүк көліктеріне келетін болсақ, мұнда тариф көлік құралдарының өткізу қабілетіне байланысты өзгереді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!