Қазақстандықтар ААЖ арқылы 26 миллиард теңге қаражат аударымын жасаған

12:11, 22 маусым 2018

Алматы. 22 маусым. 7kun.kz – Қазақстандықтар ағымдағы жылдың 4 айы ішінде ҚР ішінде бір-біріне 26 миллиард теңге қаражат аударған, бұл өткен жыл бойындағы жалпы көрсеткіштен де асып түсті, деп хабарлайды ranking.kz.

2018 жылдың қаңтар-сәуірінде халықаралық ақша аударымдары жүйелерінің көмегімен орындалған транзакциялар көлемі 267,2 млрд тг құрады (бір жыл бұрын – 201,4 млрд тг).

Бұл қаражаттың басым бөлігі ҚР-дан шетелге аударылған аударымдарға тән – 159 млрд, жыл бойындағы өсім 36,5%. Шетелден келген қаражат көлемі 82,6 млрд тг жетіп, жыл ішінде 5,1%-ға артқан.

ААЖ ҚР аумағындағы ақша аударымдар бойынша да айтарлықтай өсім қарқынын көрсетіп, бір жыл ішінде 4,1 есеге, 25,6 млрд тг дейін артқан.

ҚР аумағындағы ақша аударымдарының көлемі бойынша «Золотая корона» көш бастап тұр – 7,5 млрд тг, жыл бойындағы өсімі 6,3 есе. Жүйенің үлесі бір жыл ішінде 17,7%-дан 29,4%-ға дейін артқан.

Екінші орында Faster – 1,3 млрд тг, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 35,6%-ға төмен.

ҚР-дан жіберілген қаражат үлесі бірден 31,4%-дан 5%-ға дейін қысқарды.

Көшбасшылар үштігін 1 млрд тг көлемімен Western Union түйіндеп тұр, мұнда 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 12,6%-ға кему байқалды. ҚР-дан жіберілген қаражат үлесі 18,7%-дан 4%-ға дейін қысқарды. Ағымдағы жылдың төрт айындағы ҚР аумағындағы транзакциялар мөлшері 104,4 мың теңгені құрап, бір жыл ішінде 39,9%-ға артқан.

Бұл тізімде де көлемі бойынша көшбасшы орындағы компаниялар топ бастап тұр: «Золотая корона» – 47,5 мың. (өсім 9,5 есе), Faster – 15,2 мың (-40,4%) жәнеWestern Union – 3 мың. (-26,8%).

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!