Қазақстандық кәсіпорын басшысы Ресей туын қастерлейді

Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz – Қазақстандағы «Полиметалл» компаниясының басшысы жұмыс кабинетіне Ресей Федерациясының туын іліп қойғаны желі қолданушыларының ашуын туғызды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Танымал тележүргізуші әрі журналист Ерқанат Көпжасар өзінің Instagram парақшасына өнідіріс басшысының Ресей туын қойып қойғанын жазып, суретін жариялады.
«Шығыс Қазақстан облысында “Полиметалл” деген алпауыт компания бар. Алтын өндіруден Республикада алдына түсетін мекеме жоқтың қасы. Қазақстан қазба байлығының қызығын көріп отырса да компания директоры Кеңпейіл Ордабайұлының жүрегі Ресей деп соғатын секілді», деп жазды журналист.
«Бақыршық кен өндіру» ЖШС-і жылына 2 млн тонна кен өндіреді. 2021 жылы өндіріс орны мемлекет қазынасына 65 млрд 384 млн теңге салық төлеген. Ашық дереккөздерде компания жетекшісі – Исаев Кеңпейіл Ордабайұлы деп көрсетілген.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:24, 4 шілде 2022
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймаққа көшті
-
11:50, 4 шілде 2022
Нөкісте мыңдаған адам жарақат алды – Қарақалпақстанның Денсаулық сақтау министрлігі
-
20:39, 3 шілде 2022
Түркияда Украина астығын тасымалдаған «Жібек жолы» кемесі ұсталды
-
20:27, 3 шілде 2022
Қарақалпақстандағы оқиғалардың артында «жалдамалы күштер» тұр – Мирзиёев
-
19:28, 3 шілде 2022
Қазақстан Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады