Қазақстандағы шетелдік компаниялар саны артты

16:20, 22 маусым 2018

Алматы. 22 маусым. 7kun.kz – Бір жыл ішінде Қазақстандағы шетелдік компаниялар санының өсімі 15%-дан асып түсті, деп хабарлайды LS.

Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің деректері бойынша, 2018 жылдың 1 маусымында елімізде 13,3 мың шетелдік компания жұмыс жасап жатыр. Ал, 2017 жылдың 1 маусымында еліміздегі шетелдік компаниялар саны 11,5 мың болған еді. Осылайша, бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 15%-дан жоғары өсім көрсетті. Бұл есептеуде бірлескен кәсіпорындар ескерілмейді.

1 маусымдағы деректерде шетелдік компаниялардың басым бөлігі – Қазақстанда жұмыс жасайтын барлық шетелдік компаниялардың 97%-ы шағын бизнес саласында екені көрсетілген. Орта бизнесте 229 шетелдік кәсіпорын болса (1,7%), үлкен бизнесте – 184 (1,4%) жұмыс жасауда.

Экономика секторлары бойынша алғанда шетелдік компаниялардың көпшілігі көтерме және бөлшек саудамен (6 мыңнан астам кәсіпорын), құрылыста (1,4 мыңнан астам) және кәсіби, ғылыми және техникалық қызметпен (922 компания) айналысатыны белгілі болды. Сонымен бірге, 875 шетелдік компания өңдеуші өнеркәсіпке, 600-ден астамы тасымалдау және қойма қызметтерін көрсетуге және 450ден астамы жылжымайтын мүлік операцияларына жұмылдырылған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!