Қазақстандағы халықтың тұрмыс сапасы қандай?

15:18, 2 тамыз 2018

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz –  Ұлттық экономика министрлігі жүргізген зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстан халқының 56,5%-ы өз тұрмысына қанағаттанады екен.

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу қорытындысы бойынша, «Халықтың тұрмыс сапасы» сауалнамасы бойынша  өз тұрмысына қанағаттанатын халықтың басым бөлігі ауыл халқы (62,2%), қалалық жерлердегілер (53,2%). Ерлер әйелдерге қарағанда өз өміріне көбірек қанағаттанған – тиісінше 58,8% және 54,9%.

Өткен жылғы зерттеумен салыстырғанда үй шаруашылықтарының өмірге қанағаттанушылық деңгейі өзгермеген.

Зерттеу қорытындысы бойынша пікіртерім жүргізілген респонденттердің 46,7% өз денсаулықтарымен қанағаттанған, 48,6% ішінара қанағаттанған. Бұл ретте, сұралғандардың жасы ұлғайған сайын денсаулығына қанағаттанушылық деңгейі төмендігі байқалды. Респонденттер арасында зейнеткер жасындағы осындайлар 15-17  жас топтарына қарағанда 3,3 есеге аз. Респонденттердің пікірлері бойынша денсаулық сақтау мекемелеріне барған кезде жиі кездесетін мәселелер қатарында кезектің көптігі (68,1%), жеке салаға маманданған дәрігерлердің жетіспеушілігі (46,2%) және дәрігерлердің біліксіздігі (27,1%) болып табылды.

Респонденттердің жартысынан астамы (55,9%) туыстары мен таныстарының моральдік қолдауына сенімді екендігін көрсетті, бұл ретте ерлер мен әйелдер моральдік қолдау көрсетілетініне бірдей пікірде болған (тиісінше 56,3% және 55,6%).

Өздерінің бос уақыттарының көлеміне 39,9% респонденттер қанағаттанған, бұл ретте олардың тек 26,8% өздерінің бос уақыттарын спорт немесе денешынықтырумен айналысуға жұмсауға дайын.

Пікіртерім жүргізілген респонденттердің 43,7% негізгі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің ұсынылған тізбесінен жедел медициналық көмек станцияларының және 38,9% – “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясының көрсететін қызмет сапасына көбірек қанағаттанған.

Соңғы жылы әл-ауқаттарының өзгермегені туралы 59,9% респонденттер белгілесе, ал жақсарғандығын
35,7% респонденттер белгіледі.

Материалдық қамтамасыз етілу (ауқаттылық) деңгейі бойынша респонденттердің 55,6% өздерін қамтамасыз етілудің орташа деңгейіне жатқызды, қамтамасыз етілудің төменгі деңгейін 1,6% респонденттер көрсетті және респонденттердің тек 0,2% өздерін қамтамасыз етілудің жоғары деңгейіне жатқызды.

Пікіртерім нәтижесі өздерінің қаржылық жағдайларымен 14,6% үй шаруашылықтарының қанағаттанғанын көрсетті, бұл ретте ауылдық жерлерге қарағанда қанағаттанғандар қалалық жерлерде жоғарырақ – тиісінше 15,9% және 12,2%.

Бұл ретте табыс деңгейі бойынша 25,8% респонденттер қажеттінің барлығын сатып ала алатындықтарын көрсетті, 36,5% тамаққа және киімге жетеді, бірақ олардың ұзақ пайдаланатын тауарларды (телевизор, тоңазытқыш және тағы басқа) сатып алуға мүмкіндіктері жоқ деп есептейді, ал 1,7% респонденттер тіпті қаражаттың тамаққа да жетпейтіндігін көрсетті.

Тұрғын үйді алудағы негізгі мәселелер ретінде 50,1%  респонденттер тұрғын үйдің жоғары құнын, 32,3% қаражаттың жетіспеушілігін және 30,3% ипотекалық несиелердің жоғары пайыздық мөлшерлемелерін көрсетті.

Үй шаруашылықтарында кездесетін мұқтаждықтардың түрлері туралы сұрақтарға респонденттердің 78,8% кезекті демалысты үйден тыс жерде өткізуге мүмкіндік жоқтығын, 26,2% ақылы дәрігердің қабылдауына төлем жасай алмайтындықтарын, 25,6% салт-жораларды ауыртпалық келтірмей қарызсыз ұйымдастыра алмайтындықтарын, 18,9% респондент өмірлік маңызы бар дәрілерге қаражаты бола бермейтінін көрсетті.

Өзінің жарқын болашағы туралы 37,0% респондент оң көзқарасын білдірді, болашақта жақсаратынын
40,1% болжайды және респонденттердің тек 0,6% тұрмыстары нашарлай түседі деп ойлайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!