Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Қайрат Мәжібаев

16:03, 19 ақпан 2019

Мәжібаев Қайрат Қуанышұлы – бизнесмен әрі қоғам қайраткері. 1968 жылы 5 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1991 жылы – Алматы медицина институтының педиатрия факультетін және клиникалық ординатураны бітірген, медицина ғылымдарының кандидаты.

2004 жылы – Гарвард бизнес мектебінде 3 жылдық “Owner/President Management” бағдарламасын аяқтаған.

Кәсіпкерлігі:

1994 жылы – RG Brands компаниясын және “Resmi” компаниялар тобын құрды. 2010 жылы “RG Brands Kazakhstan”ЖШС “Халық үшін тауар шығаратын үздік кәсіпорын” номинациясы бойынша Алтын сапа жеңімпазы атанды.

Еңбек жолы:

1994-2008 жылдары – “Resmi” компаниялар тобының Бақылау кеңесінің төрағасы және президенті қызметтерін атқарды.

2004 жылдан бастап – “Resmi” Инвестициялық Қаржы Үйі ” АҚ және “RG Brands” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Басқа да қызметтері:

Әр жылдары “БТА” АҚ, “Династия” өмірді сақтандыру компаниясы, “KBS GARANT”, “БТА Сақтандыру”, “Құрмет” ЖЗҚ, “Premier Asset Management” ЖБК, “Республика” ЖЗҚ, Ұлттық инновациялық қор кеңесінің мүшесі болды.

2009-2010 жылдары – “Қазтелерадио” АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді.

Kazakhstan Growth Fund компаниясының Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2009-2012 жылдары – Kazakhstan Growth Fund тәуелсіз директоры лауазымына сайланды.

“Innova Investment” ЖШС және “Resmi Тікелей инвестициялар” ЖШС (2013 жылдан бастап) Бақылау кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

2013 жылы – “Қазына Капитал Менеджмент” АҚ тәуеліз директоры болып тағайындалды.

Қоғамдық қызметтері:

2006 жылдан бастап – ҚР Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі, Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығы-бақылау кеңесінің мүшесі болды.

2008 жылдан қазірге дейін – Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің мүшелігіне кіреді.

2010 жылы – Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жөніндегі үйлестіру кеңес мүшесі ретінде тіркелді.

2013 жылы – “Бәйтерек” ҰБХ “АҚ-ның “ИИДМБ екінші бесжылдығын қаржыландыру моделін жетілдіру” жобасын әзірлеу жөніндегі комитетті басқарды.

2013 жылдан бастап – Ирландияның Қазақстандағы Құрметті консулы болып тағайындалды.

2013 жылдан бастап – “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы — төралқа мүшесі, сауда комитетінің төрағасы, Қаржы секторы комитетінің мүшесі қызметтерін атқарады.

Respublika Foundation қайырымдылық қорының негізін қалаушылардың бірі, IQanat білім беру жобасының қатысушысы болып табылады.

Марапаттары:

  • “Жыл кәсіпкері-2007” байқауының ұлттық кезеңінің жеңімпазы
  • “Қазақстанның жыл кәсіпкері” құрметті атағы (Ernst & Young, 2007)

Активтері:

Қайрат Мәжібаев Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанда еншілес компаниялары бар “RG Brands” ЖШС-нің 61,77% акциясына иелік етеді. Сондай-ақ, “Resmi компаниялар тобы” АҚ-да – 58%, “Resmi тікелей инвестициялар” ЖШС кіретін “Resmi Инвестициялық Қаржы Үйі” АҚ-да – 29% үлесі бар.

2018 жылы Forbes сайты құрған “Қазақстандағы ең бай бизнесмендер” рейтингінде 48 сатыға орналасты. Өткен жылы бизнесменнің жағдайы 82 млн долларды құраған.

Отбасы:

Әкесі – Қуанышбай Әбдікерімұлы Мәжібаев, медицина ғылымдарының докторы, профессор. 2005 жылға дейін Қазақстан Республикасының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры болған.

Анасы – Римма Базарбекова, медицина ғылымдарының докторы, профессор.

Үйленген. Үш ұл тәрбиелеп отыр.

Дереккөздер: forbes.kzru.wikipedia.org

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!