Қазақстанда төлем картасын қолдану артты

09:43, 16 мамыр 2017

Қазақстандықтар сауда жасауда төлем картасын жиі қолдана бастады. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Қазақстандықтар қолма қол емес төлем тәсіліне көшіп жатыр. 2017 жылдың алғашқы үш айында карта қолданушылары 2016 жылға қарағанда 57,7 пайызға көп тауар сатып алынды. 2017 жылдың бірінші тоқсанында жасалған операциялар 36,2 миллионды құрады.

2017 жылдың қаңтар-наурыз айындағы қолма қол емес төлем көлемі 415,4 млрд тенгеге дейін жетті. Бұл көрсеткіш 2016 жылға қарағанда 57,2 пайызға көп.

Картамен жасалған операциялардың көбі pos-терминалдар арқылы іске асырылды. Осы жылы сауда көлемі 223, 7 млрд тенгені (53,8 %) құраса, транзакциялар көлемі 19,6 млн (54,3%) болды. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 173,1 млрд теңгені (65,5%) көрсетіп,  транзакция мөлшері 12,7 млн тенге (55,4%) болған.

Сонымен қатар, қазақстандықтар интернет-сауданы да көп жасай бастады. Қолма қол емес төлемнің интернет арқылы жасалған сауда көлемі 48,8 млрд теңгеден 144,7 миллиардқа дейін өскен. Жалпы нарықтағы үлесі 18,5 пайыздан 34,8 пайызға дейін артты. Мұндай операциалардың саны 6,6 миллионнан 13,7  миллионға дейін жетіп, жалпы мөлшердегі үлесі 28,9 пайыздан 37,9 пайызға көбейген.

Қолма қол емес төлемнің көпшілігін алматылықтар жасайды (52,2%). Алғашқы үш айдағы төлем мөлшері 216,7 млрд тенгені құрады. Ал бір жылдық өсім 65 пайызға жетті.

Екінші орында – Астана. Ондағы карталық төлем 55,8 млрд тенгені құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 66,4 % көп.

Үштікті аяқтайтын ОҚО. Оңтүстік өңірде жасалған қолма-қол емес төлем мөлшері 16,5 млрд тенге болды. Бұл 2016 жылдың бірінші тоқсанына қарағанда 75,5 пайызға көп.

2017 жылы жасалған транзакциялар көлемі бойынша Алматы көш бастап тұр (21,9 млн). Көрсеткіш өткен жылға қарағанда 63,2 пайызға өскен.

Одан кейінгі орын Астана қаласына тиесілі. Транзакция саны 4,6 миллионға жетті. Ол 2016 жылмен салыстырғанда  74,2 пайызға артқан.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!