Қазақстанда тағы 11 мың шақырым жол ақылы болады

12:04, 8 қараша 2019

Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — 2024 жылға қарай республикалық желінің шамамен 11 мың километрін ақылы автожолдармен қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда бұл учаскелерге ақы алудың ашық жүйесін енгізу және қызмет көрсету жобасына инвестициялық конкурс жарияланды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақылы жобаны 2 кезеңде енгізу жоспарланып отыр. 1-кезеңде 2020-2021 жылдар аралығында 6 мың шақырым ақылы автожол енгізіледі. Бұл «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің уаскелері, Нұр-Сұлтан – Қостанай – РФ шекарасы, Щучинск – Петропавл, НұрСсұлтан – Павлодар, Қалбатау – Павлодар — РФ шекарасы (Омбы қаласына), Таскескен – Бақты, Қапшағай – Талдықорған, Атырау – Орал, Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт –Өзбекстан Республикасының шекарасы және Ақтау-Бейнеу.

2022 жылдан бастап 2023 жылға дейін қалған 5 мың километр автожолға ақылы жүйені енгізудің 2-ші кезеңі көзделген.

Бүгінгі таңда «Нұр-Сұлтан – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Алматы – Қорғас» және «Алматы – Қапшағай» ақылы төрт учаскелер бойынша жол жүру ақысы 4 млрд теңгеден асты. Жиналған қаражат жолдарды күтіп ұстауға және төлем алу жүйесінің өзіне бағытталған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!