Қазақстанда құрылыс-монтаждау жұмыстарының бағасы 5,1 пайызға өсті

15:48, 11 сәуір 2017

2017 жылдың наурызында желтоқсан айымен салыстырғанда құрылыс-монтаждау жұмыстары 5,1 пайызға өсті. Көлік пен қондырғы – 2,4 пайызға, өзге жұмыстар 5,8 пайызға артты.

2017 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 0,4 пайызға өсті. Ал абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату 0,1 пайыздан төмендеді.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өзгеріссіз қалды.

Айта кетейік, керамикалық плиталардың бағасы 3 пайызға төмендеді.  Гипс – 0,7 пайызға, шыны – 0,6 пайыз, ал құм 0,4 пайызға арзандады. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!